Димаш Алла Пугачеваның шығармашылық кешінде ән шырқайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Алла Пугачеваның шығармашылық кешінде ән шырқайды

Димаш Алла Пугачеваның шығармашылық кешінде ән шырқайды

Ресейдің халық әртісінің шығармашылық кеші биыл 8 сәуірде өтеді.

  • 27 Наурыз 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz

Дүние жүзін тәнті еткен қазақ әншісі, таңғажайып дауыс иесі Димаш Құдайберген Ресейдің халық әртісі Алла Пугачеваның концертіне қатысады.

Бұл туралы Димаш Instagram парақшасында хабарлап, тыңдармандарын ән кешіне шақырды.

"Алла Борисовна Пугачеваның шығармашылық кешінде кездескенше", — деп жазды әнші.

Димаш Құдайберген хабарлағандай, Алла Пугачеваның жеке концерті биыл 8 сәуірде сағат 19:30-да болады. Бұл кеште ресейлік танымал орындаушылар Григорий Лепс, Валерий Леонтьев, Сергей Шнуров, Светлана Лобода өнер көрсетеді.

Еске сала кетсек, 22-23 наурыз күндері Димаштың Мәскеудегі алғашқы концерті Кремль сарайында дүркіреп өтті. Ресей астанасына әлемнің 56 елінен жас әншінің фанаттары жиналған.


 

Соңғы жаңалықтар