Димаш Беларусь еліне жол тартпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Беларусь еліне жол тартпақ

Димаш Беларусь еліне жол тартпақ

«Славян базары» байқауының өткен жылғы жеңімпазы Димаш Құдайбергенов биыл тағы да сонда аттанбақ. Әрине онда әнші бақ сынауға емес, қонақ ретінде өнер көрсетуге жол жүреді.

  • 27 Маусым 2016
  • 575
Фото - Caravan.kz


Қазір Димаш оған қызу дайындық үстінде. Сондықтан, «Беловежская пуща» әнін өз нұсқасында жазып қойыпты, деп хабарлайды gakku.kz.

Ал, байқаудың соңғы күнінде әнші ресейлік Виктория Дайнеко, Лариса Долина, Валерий Леонтьев сынды өнер жұлдыздарымен бірге ән салады. Витебскте Димаш 14-18 аралығында болады. Айта кететін тағы бір жайт, «Славян базары» жобасы биыл 25-ші рет ұйымдастырылып отыр. Осыған орай 25 жеңімпаз келіп өнер көрсетеді. Естеріңізге сала кетейік, биыл аталмыш байқауға еліміздің атынан Adam қатысуда. Жерлесіне Құдайбергенов қолдау көрсетіп, жеңісті бірге алып келер деп сенеміз.

Перейти к новостям спорта