Басылымның хабарлауынша, дәл қазіргі уақытта келіссөздер жүріп жатыр.
Тек “Димаш” атауы қай салада қолданылатыны әзірге құпия болып отыр.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауына қатысып жатыр. Бас-аяғы 14 кезеңнен тұратын жоба бел ортасына келді. 7 кезеңнің үшеуінде Димаш жеңіс кубогын иеленді. Ол әлі де жеңіске үмітті фавориттердің қатарында.