Димаш Құдайберген Қазақстанның туристік әлеуетін арттыруға өз үлесін қосып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бейнебаянның түсірілімі Шарын шатқалы, Көлсай көлдері, Ақмешіт үңгірі, Әзірет-Сұлтан қорық-музейі, сондай-ақ Бозжыра шатқалы, Торыш алқабы және тағы да басқа еліміздегі танымал туристік орындарда өтті.
Сондай-ақ жаңа туындыда Бурабай, Қатонқарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатауы мемлекеттік ұлттық парктерінің керемет көріністері көрсетіледі деп күтілуде.
«Бұл жоба Қазақстанның бірегей сұлулығына назар аудартып қана қоймай, көрермендерге өнер туындысы арқылы елімізді жаңа қырынан көрсетуге жол ашады. Бейнебаян арқылы көрермендер Қазақстанды мәдени мұрасы бай, қайталанбас табиғаты бар ерекше мекен ретінде таниды деп үміттенеміз», – деп атап өтті Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Бейнебаянды Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы түсіруде.