Қытайда дәстүрлі түрде өтетін «I am а singer» тележобасы – үлкен көлемдегі телевизиялық жобалардың бірі. Бұл жобада еліміздің атынан жас талантты әнші Димаш Құдайбергенов бағын сынауда. Әр сенбі сайын Димашына жанкүйерлік ететін қалың қазақ жұртшылығы Hunan TV арнасын үзбей қарайтын жағдайға жетті. Бұған Димаштың ерекше өнері себеп болса керек-ті. Осы орайда қалың жұртшылыққа осынау ірі жобаның жалпы толық ережесін айтуды жөн көрдік.
«I am а singer» тележобасының жалпы құрылымы:
Финалдық кезеңге дейін 5 айналым бар. Финалдық кезең – 2. Финалға дейінгі әр айналым 2 кезеңнен тұрады. Сонда – 10 айналым.
Дауыс беру: Әр бағдарлама соңында жүргізуші 2 нәтиже айтады.
Қатысушылардың дауыс беруі: жобаға қатысушы әншілер бір-біріне дауыс береді.
Көрермендердің дауыс беруі: Залда отырған 500 көрермен қатысушыларға дауыс бере алады. Көрермендердің дауысы да әншілердің нешінші орын алатынын шешеді.
Құлап қалу: Әр айналымның нәтижесі бойынша көрермендер тарапынан ең аз дауыс жинаған қатысушы жобадан шығады. Қатысушылар жарыс жолының 2, 4, 6, 8 және 10 кезеңдерінде құлайды. Әр 3, 5, 7 және 9 кезеңдерінде жаңа 2 қатысушы келіп отырады.
Жаңадан келген қатысушылар 2 санатқа бөлінеді:
1.Қарапайым әнші жобадан шыққан қатысушы әншінің орнын алмастырады. 2. CHALLENGE SINGER бұл санаттағы қатысушы бірінші өнер көрсеткенде 1, 2 ,3 немесе 4 орын алуы қажет. Егер ала алмаған жағдайда жарыс жолынан шығады.
Финалға шығу: Байқаудың 10 кезеңіне қатысқан 3-4 қатысушы финалға өтеді. Соңғы кезең мен финалдық кезеңнің арасында BREAKOUT туры өтеді. Бұл турда алғашқы кезеңдерде жарыстан шыққан және негізгі құрамда болмаған барлық қатысушы өнер көрсетеді.
Финалда 7 қатысушы ән айтады: – олар Breakout туры бойынша өткендер: – барлық кезеңнің нәтижесі бойынша өткендер.
ФИНАЛДА БАРЛЫҚ НӘТИЖЕ НӨЛГЕ ТЕҢЕСТІРІЛЕДІ.
Финал екі кезеңнен тұрады: 1-кезеңде қатысушы бір жұлдызбен дуэт боп ән айтады. Осы кезең бойынша 3 үздік қатысушы келесі 2-кезеңге өтеді. Финалистер жеке дара бір ән орындайды. Жеңімпазды көрермендер таңдайды.