Димаш Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген «Әлем аруы-2018» байқауында өнер көрсетеді

Елордада мерейтойлық «Астана аруы» байқауына орай баспасөз брифингі өткізілді. Биыл - сайысқа 20 жыл.

  • 5 Желтоқсан 2018
  • 39
Фото - Caravan.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Астана аруы-2018» байқауының қатысушылары 12 желтоқсанда өтетін маңызды шараға дайындықтарын бастап кетті, деп хабарлайды BAQ.kz.

Мерейтойлық байқаудың ұйымдастырушылары, оның 20 жылдығына орай, мәңгілік құндылықтар тақырыбындағы арнайы жоба – салт-дәстүрлер мен отбасы құндылықтарының сақтаушысы – Ұлы дала әйелдері туралы әңгімелер топтамасын дайындады.

«Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері, «Құрмет» орденінің кавалері және байқаудың идеологиялық серіктесі болып саналатын Ырза Тұрсынзаданың айтуынша, Биылғы жылғы байқаудың қатысушыларының отбасылық оқиғалары аңызға айналған Әйелдер туралы әсерлі, драмалық хикаяларды баяндайды.

Баспасөз конференция барысында, Астана қаласының №12 арнаулы мектеп-интернатының директоры Бахриден Кәрімжанов өз пікірін айтып өтті.

«Сұлулық негізі — мейірімділік» дәстүрлі акция аясында сынға түскен арулар қаламыздың әлеуметтік, қайырымдылық, спорттық шараларына қатыса отырып, еліміздің жастарына үлгі көрсетуде. Біздің мектеп-интернатта оқып жүрген балаларға берген көмегі пен қолдаулары үшін барлық аруларға айтар алғысымыз шексіз, әсіресе, ұйымдастырушылар алқасына», — деп атап өтті ол.

«Қазақстан Аруы — 2006» титулының иегері, байқаудың ресми сарапшысы болған Гаухар Рахметалиева осы жылғы сайыстың ерекшеліктері туралы айтты.

«Астана аруы» байқауы өзінің 20 жылдық мерейтойын финалдың 20 қатысушысы кейіпкері ретінде түскен презентациялық күнтізбемен атап өтпек. Жоба Астанамыздың белгілі орындарының бірегей фотоматериалдарының негізінде дайындалады, фотожұмыстардың авторы – белгілі қазақстандық фотограф – Максим Золотухин, сонымен бірге, мерейтойлық финалда дәстүрге айналған — Дарындар шоуы өтеді, бұл кезең жеңімпаздары бірден байқау финалының үздік 10-на кіреді», — деді ол.

«Қазақстан Аруы» байқауының директоры — Алена Ривлина – Қырбасованың
айтуынша, сұлулық байқауына қатысқысы келетіндердің саны көп болған.

«Жуырда аймақтық деңгейде ұйымдастырылған сұлулық байқаулар, «Астана аруы-2018» байқауын қоса алғанда, ол ең негізгі «Қазақстан Аруы» сайысының алдына өтетін іріктеу кезеңі болып табылады. Биыл Қазақстан бойынша 16 мен 24 жас аралығындағы 7000-нан аса ару қатысуға өз өтінімін жіберген болатын», — деді ол.

Келесі кезекте жеңіске жеткен «Қазақстан аруын» әлемдегі ең беделді сұлулық байқауының бірі «Әлем аруы» байқауына қатысу, ел намысын қорғау күтеді. Биыл «Әлем аруы» Қытайдың Санья қаласында 8 желтоқсанында өтеді.

«Байқаудың сенсациясы ретінде әйгілі әнші Димаш Құдайбергеновтің қазақстандық аруды қолдау мақсатында байқау барысында қазақ («Ұмытылмас күн») және ағылшын тілдерінде екі ән орындауын атап өтуге болады. Шоу әлемнің 200 елінде, 2,5 млрд адамды қамтитын аудиторияға көрсетілетін болады», – деп айтып кетті баспасөз брифингі барысында А.Ривлина-Қырбасова.

«Астана аруы-2018» мерейтойлық байқауы жеңімпазының есімі 12 желтоқсанда Nomad City Hall-да белгілі болады.

«Астана аруы-2018» ұлттық мерейтойлық финалға сатылған билеттердің барлық қаржысы қайырымдылық жобаларға аударылады.

«Қазақстан Аруы» байқауы әлемдік ірі «Ғалам аруы» (АҚШ), «Әлем аруы» (Ұлыбритания) байқауларының эксклюзивті лицензияларының бірегей иегері.

 

Соңғы жаңалықтар