Димаш Құдайберген АҚШ-та "алты октава адам" атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген АҚШ-та "алты октава адам" атанды

Димаш Құдайберген АҚШ-та "алты октава адам" атанды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы The World's Best шоуының судьяларын өзінің таңғажайып диапазонымен таңғалдырды.

  • 7 Ақпан 2019
  • 101
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Әнші сахнаға шығар алдында көрермендер үшін Димаш жайлы арнайы видеоролик түсірілді. Онда әнші өзі жайлы айтады. Видеоның соңында қазақстандық әншіні The Six-Octave Man деп сипаттайды, аударғанда "алты октава адам" дегенді білдіреді. "Алғаш рет сахнаға шыққанда екі жаста едім. Міне, кәсіби музыкалық білім алып жатқаныма 20 жылдан асты. Осыған дейін екі миллиард адамның алдында өнер көрсеттім. Ал бұл бүкіл әлемді жаулаған АҚШ-тағы алғашқы жобам", — деді Димаш Құдайберген. Әнші Қытайдағы I'm A Singer байқауында айтқан S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады. Сарапшылар Димаш Құдайберген ән айтып жатқанда орнынан тұрып, қол шапалақтаған болатын. Байқауда үш судья төрелік етті — әнші Фэйт Хилл, актриса Дрю Бэрримор мен актер Ру Пол — олар Димашқа 50 ұпайдан берді, бұл ең жоғарғы баға.

Өнер әлеміндегі 50 тәжірибелі адамнан құралған "Стена мира" әншіге 48 ұпай берді. "Көзімді жұмып тұрғанда, онда 8-10 адам ән айтып жатыр деп ойлар едім. Бір адамның өзі мұны қалай орындап шықты", — деді актриса Бэрримор. Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің The World's Best шоуында өнер көрсеткен сәтінің видеосы жарияланған еді.


.