Димаш Құдайберген "Муз-ТВ 2019" музыкалық жүлдесінің арнайы қонағы болмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген "Муз-ТВ 2019" музыкалық жүлдесінің арнайы қонағы болмақ

Димаш Құдайберген "Муз-ТВ 2019" музыкалық жүлдесінің арнайы қонағы болмақ

Ресейде өтетін "Муз-ТВ 2019" жүлдесінің сахнасында енді Димаш Құдайберген де өнер көрсетеді.

  • 5 Наурыз 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Жүлдені табыстау салтанаты маусым айында Мәскеудегі "Мегаспорт" спорт сарайында өтеді деп жоспарланып отыр. Телеарнаның бас директоры Арман Дәулетияров шараға Димаштың қатысатынын қуана хабарлады. 

"Жүлденің арнайы қонағы — әлемдік сенсация, қазақ әншісі Димаш Құдайберген болмақ. Бұл әншінің ерекшелігі — вокалдық қабілетінде. Димаш ердің де, әйелдің де — барлық регистрлерде керемет ән салады. Бас та, сопрано да, ысқырық регистрі де Димашқа бағынған. 24 жастағы әртістің қоржынында әртүрлі 35 музыкалық жүлде бар", — дейді Арман Дәулетияров. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on

Айта кетейік, қазіргі уақытта Димаш америкалық The World's Best шоуына қатысуда. Екінші кезеңде Димаш Селин Дионның All by Myself әнін шырқап, 30 жастағы монах әйел Кристинадан басым түсті. 

Соңғы жаңалықтар