Димаш Құдайберген жаңажылдық кеште келбетін түбегейлі өзгертеді (ФОТО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген жаңажылдық кеште келбетін түбегейлі өзгертеді (ФОТО)

Димаш Құдайберген жаңажылдық кеште келбетін түбегейлі өзгертеді (ФОТО)

Оның жаңа образынан көрермендер ертегі әлеміне саяхаттағандай күй кешетіні анық.

  • 8 Желтоқсан 2019
  • 128
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық әнші Димаш жаңажылдық кеште жаңа кейіпке енеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Димаш «ақ боз атты ханзада» кейпіне енетінін өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді. Оның жаңа образынан көрермендер ертегі әлеміне саяхаттағандай күй кешетіні анық. 

«Ресейдің жаңа жылдық түсірілімдерінде мен ханзаданың рөлін сомдаймын. Өзіңді ханзада сезіну – өзгеше сезім сыйлайды екен. Жаныма майдай жағып жатыр», — деп бөлісті Димаш.

Әнші тағы бір сырымен бөлісті. Қытайдағы жаңажылдық кеште ол өзін сомдап шығады екен.

«Бұл жақсы болды, өзіңді сомдау – басқа рөлдерге қарағанда әлдеқайда жеңіл», — деп ағынан жарылды Димаш.  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) on

 

Соңғы жаңалықтар