Димаш Құдайбергеннің бала кездегі суреттері жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайбергеннің бала кездегі суреттері жарияланды

Димаш Құдайбергеннің бала кездегі суреттері жарияланды

Ақтөбенің перзенті Димаш Құдайбергеннің өзі де, ол айтқан ән де  қазір Қытайда хитке айналып үлгерді. Миллиардтаған қытайлықтардың таңдайын қақтырған қазақ баласының Қытай Халық Республикасының орталық «Hunan TV» телеарнасы ұйымдастырған «I Аm а singer» байқауының бірінші кезеңінде топ жарып, үздік көрінгенін бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.

  • 30 Қаңтар 2017
  • 6229
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Ақтөбе" газеті жазды.

Көпшілік әлі қате түсініп, Димашты байқаудың жеңімпазы деп танып жүр. Айтқандары келсін, жақсы сөз ғой… алайда үш айға созылатын байқау 14 кезеңнен тұрады екен. Алдын ала іріктеуден өтіп, байқаудың бірінші кезеңіне 8 әнші қатысыпты. Оның ең жасы — біздің Димаш. Бірінші кезеңде сүрінген бір әнші байқаудан шығарылып, 28 қаңтарда өтетін келесі кезеңге 7 әнші қатысады.

«Есімі аян беріп қойылды»

 Республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы қалың жұртқа Димаш Құдайберген есімімен танымал. Алайда, оның төлқұжатындағы шын есімі «Дінмұхаммед Құдайберген» деп жазулы тұр.

— Димаштың есімі аянмен қойылды. Оның қысқаша тарихы былай: атамыздың студенттік кезінен бері сыйластығы үзілмеген Бақтығали Сандыбаев деген досы болды. Соның тоқсаннан асқан әжесі сол кезде түс көргенін, түсінде дүниеге келетін баланың есімін Мұхаммед қойыңдар деп аян берілгенін айтты. Содан ата-енем бар, жолдасым Қанат бар, Пайғамбар есіміне  тіліміз тиіп кетіп жүрер деген оймен, әрі әженің де көңілін қалдырмай, сәл өзгертіп, баланың есімін «Дінмұхаммед» деп қойды. Содан бері Дінмұхаммед деген аты құжатта ғана жазылады, ал үйде, қазір тіпті сахнада да Димаш боп айтылып жүр. Бұлай еркелету көрнекті қайраткер Дінмұхаммед Қонаевтан басталған үрдіс қой. Біз де содан аспадық. Қазақстандағы барлық Дінмұхаммедтер — Димаштар ғой. Ол — жазылмаған заң, — дейді Димаштың анасы.

Аспаптың күйін бес жасында байқаған

 Ата-анасы Димашты бес жасынан бастап Ақтөбедегі А.Жұбанов атындағы музыка колледжіндегі балалар студиясының фортепиано класына беріпті.


— Үйімізде бір пианино болды. Димаш үйде сонымен дайындалып жүретін. Негізі фортепианоның бір жерден екінші жерге көшіргенде, қозғағанда, бұрауы, яғни, күйі өзгеріп кетіп жатады. Бір қиыны, бұл аспаптың құлақ күйін тек арнайы мамандар ғана келтіреді. Бір күні жаңағы аспапты бір бөлмеден екінші бөлмеге көшіргенімізде күйі өзгеріп кеткен ғой. Оны былайғы жұрт аңғара бермейді, әдемі дыбыс шығарып тұрғанға, сырт көзге бәрі дұрыс көрінеді. Бірақ, есту қабілеті жоғары музыканттар аспаптың күйі кетіп тұрғанын бірден байқап қалады. Кәнігі мамандар әдетте қандай да бір аспаптың құлақ күйі сәл өзгерсе, бірден кері әсер етіп, бас ауыртатынын айтып жатады. Содан Димаш сол аспаппен сабағына дайындалып жүрді. Бір күні студияда сабақ беретін мұғаліміне барып, шағымданыпты: «Үйдегі аспаптың дыбысы маған түк ұнамай жүр, басымды ауыртады» деп. Небәрі бес-ақ жаста екен. Сонда да болса, дыбыстың әдеттегіден сәл өзгергенін сезіп тұрғаны ғой. Мұғалімінен сол әңгімені естіп, дереу аспаптың күйін келтіруші маманды шақыртып, дұрыстап бергеніміз бар, — дейді Светлана Айтбаева.

Сондай-ақ, бала Димаш анасы Света сахнаға шығып ән салып тұрғанда, қасына жүгіріп барып, әншілердің ортасында тұратын болған. Кішкентай кезінде өзге балалар үйдің, түрлі көліктің, гүлдің суретін немесе комикстер салып отырғанда, Димаш үнемі ақ қағазға сымы шұбатылған микрофон, кассеталар, дауыс ұлғайтқыш колонкалардың, сондай-ақ, міндетті түрде өзінің үлкен сахнада ән айтып тұрғанын бейнелейтін суреттер салатын болыпты.