Бұл қазақ елі үшін, қазақ музыкасы үшін мол мәртебе, деп жазады massaget.kz.
"Singer 2017" жобасының аяқталғанына қарамастан Димашты көптеген жобалар күтіп тұр. Қытай елінде Димаштың қатысуымен бірнеше салтанаты бағдарламалар жоспарланған. Атап айтсақ:
1. "Come sing with me" бағдарламасының түсірілімі, 19 сәуір, Чанша қаласы.
2.Жапон бренді Y-3 дүкенінің ашылу салтанаты, 21-23 сәуір, Сиань қаласы.
3. Евровидение, 10-14 мамыр (Киев, Украина)
4. Dongfeng Citroen ұйымдастыратын "Shanghai GoStar car culture carnival" атты автомобильді мәдени карнавал, 20 мамыр, Шанхай қаласы.
5. "Yuegu Hualu Music Carnival" музыкалық карнавалы, 28-30 мамыр, Пекин қаласы.