Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Globalmsk.ru басылымы Крутой көптеген талантты орындаушылардың жолын ашқанын жазады. Ол оларға тек сахнаға жолдама ғана емес, сонымен бірге хитке айналатын әндерін де берді. Оның жаңа "фавориттерінің" бірі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов болғанын жазды.
"Алайда, жас орындаушы Игорь Крутой мен Ресейдің оған қаншалықты жақсылық жасағанын ұмытып кетті. Келесі концерттік турына ол Ресейдің бірде бір қаласын қоспаған. Ол "арнайы әскери операция" (Украиндағы соғыс) туралы ешқандай пікір білдірмеді. Бірақ, ресейлік журналистердің пікірінше бұл русофобия (орыстарды жек көрушілік) болып саналады екен.
Танымал продюсер Дмитрий Ашуров журналистердің пікірін қолдайды. Ол көрші елдердің көптеген орындаушылары ресейлік әріптестерінің олар үшін қаншалықты көп істегенін ұмытып кеткенін атап өтті. Димаш өз отандастарынан бөлінгісі келмеді, сондықтан олардың русофобиялық ұстанымын қолдауға шешім қабылдады. Ашуров Қазақстан әрдайым Ресейден көмек сұрап, қиын уақытта батыс жағына шыққанына өкініш білдірді", — делінген басылымда.
Бұл материал тек қана Ресейлік басылымның өз ойы, пікірі ғана.