"Димашты Қытай шығарды": Нұрлан Қоянбаевтың фильмі желіні шулатты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 514.5
  • 582.67
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Димашты Қытай шығарды": Нұрлан Қоянбаевтың фильмі желіні шулатты (ВИДЕО)

"Димашты Қытай шығарды": Нұрлан Қоянбаевтың фильмі желіні шулатты (ВИДЕО)

Нұрлан Қоянбаевтың "Qazaq alemi" фильміндегі Димашқа байланысты үзінді желіні шулатты.

  • 16 Сәуiр
  • 48
Киноафиша

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Фильмнің сюжеті бойынша қазіргі заманда өмір сүріп жатқан 3 кейіпкер бұрынғы шаққа оралады. Бұрынғы замандағы кейіпкер оларда елден не шығатынын сұрайды. Алайда олар елден ештеңе шықпайтынын айтады.

Нұрлан Қоянбаевтың кейіпкері «Хан ием, бізде мынадай тіс шұқитын бар. Керемет нәрсе, осымен тіс шұқисыз. Көрдіңіз бе? Ішінде ағашы бар» дейді. Сонда Ханның кейіпкері «Мынауың керемет екен. Ыңғайлы нәрсе екен. Осыны сендер шығарған шығарсыңдар» дейді.

Алайда Нұрлан Қоянбаевтың кейіпкері оны қытайлықтардың шығарғанын айтады. «Жоқ, мұны біз шығармадық. Бұны шығарған қытайлықтар», — дейді. Хан рөліндегі кейіпкер «Сонда мынаны да сендер шығармайсыңдар ма? Сонда сендер не шығарасыңдар?» деп сұрақ қояды.

Фильмдегі кейіпкерлердің бірі «Димашты шығардық» дейді. Бірақ тағы бір кейіпкер «Жоқ, оны шығарған қытайлықтар» деп жауап береді. Сол сәтте хан рөліндегі кейіпкер «Тоқта. Біздің Димашты қалай қытайлықтар шығарады?», — деп түсінбейді.

Сол сәтте Нұрлан Қоянбаевтың кейіпкері елде бір-бірімізді мойындамайтынымызды айтады.

«Қазақстанда біз бір-бірімізді мойындамаймыз. Шетелге шықса ғана мойындаймыз. Ол Қытайға барған кезде, қытайлықтар бізге мойындатқызып жіберді. Одан кейін біз оны «Димаш» деп жүрміз. Жалпы бізде сондай. Сыртта жүрсең сыйлысың, елде жүрсең сайқымазақсың» деп жауап берді.

Видеоның толық нұсқасы осы сілтемеде: Instagram

«Qazaq alemi» толыққанды фильм емес, КВН миниатюраларынан құралған серия екенін көрсетеді»

Киносыншы Ораз Керейбаев Нұрлан Қоянбаевтың «Qazaq alemi» фильмін қатаң сынға алған еді.

«Қазақ әлемі» оқиғаларының еш мәні жоқ екені берілген сипаттамадан-ақ байқалады. Мұнда мәселелер әр қадам сайын көзге ұрады — мүлде үстірт жазылған басты кейіпкерлерден бастап (олар тек Нұрлан Қоянбаевты оқиғаға енгізу үшін қажет сияқты), ешқайда апармайтын сюжет желілеріне дейін. Ал кейіпкерлеріміз Қоянбаевпен кездескенде, картина мүлде күтпеген бұрылыс жасап, Қазақстан тарихы бойынша дәріске айналып кетеді. Фильмнің соңында көрермен Қоянбаевтың патриоттық сөздерінен әсерленсе де, экрандағы көріністен түсінбей қалады.

Бұл, ең алдымен, «Қазақ әлемі» толыққанды фильм емес, КВН миниатюраларынан құралған серия екенін көрсетеді. Мұнда полиция бөліміндегі бір оқиға, «Қазақфильмде» түсірілген ұзақ көрініс бар. Одан кейін iPhone мен тіс шұқығышты алғаш көрген қазақ ханы туралы қиял-ғажайып сахна келеді, ал бәрі Нұрлан Қоянбаевтың команда лидері ретіндегі соңғы сөзімен аяқталады. Толық картина болуы үшін тек музыкалық нөмір, СТЭМ және қазылар алқасының бағалары ғана жетіспей тұрды», — деп қатаң сынға алды киносыншы.