Димаштың әні америкалық чарттарда жоғары көтеріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаштың әні америкалық чарттарда жоғары көтеріліп жатыр

Димаштың әні америкалық чарттарда жоғары көтеріліп жатыр

Димаш Құдайбергеннің "Smoke" әні Американың Amazon және iTunes чарттарына енді

  • 2 Ақпан
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

30 қаңтарда трек iTunes Top 100 рейтингінде ортада болып, 32-ші орынға жетті. Amazon-да «Best Sellers in Songs» санатында бұл ән үздік ондыққа кірді. Ал «Best Sellers in Pop» категориясында ән рейтингте бірінші орын алды.

«Smoke» әні 2024 жылдың 26 ​​сәуірінде шыққан. Шығарманың композиторы – Димаштың өзі, мәтіннің авторлары – Кэндис Келли мен Дмитро Гордон.

Сондай-ақ Димаш «Love’s not over yet» әнінің премьерасы 7 наурызда болатынын хабарлады. Оны композитор және продюсер Вальтер Афанасьев бастаған халықаралық авторлар ұжымы дайындаған.