"Димаш, сен өмірге келген мамыражай мамырдың шуақты күні, ата-анамның "ұлды болдық!" деп шаттанып, ұлан-асыр той жасағаны, қуаныш үстінде "Балапаным!
Ата-анамның əлдиісің!
Алып ұшқан көңілімнің əн-күйісің!
Шат күлкімен өмірге адым баса ғой!
Бақытыңның шектелмесін мөлшері, жүрегімнің кіп-кішкентай бөлшегі!" деп əн арнағаным — күні кешегідей көз алдымда…
Бəріміздің махаббатымызға бөленіп өстің. Əсіресе папамыз бен мамамыздың өзіңе деген сезімі ерекше болатын! Əлі күнге солай — төбеңнен құс ұшырмайды! Мамамыз басыңнан сипап отырып "менің құлыным бойы ұзын, ойы биік, арманы асқақ, жүрегі жұмсақ, мейірімді азамат болып өседі" деп айналып, толғанушы еді.
Сен ақылды азамат боп ержеттің.
Өмір — бұралаңды соқпақтардан, даңғыл жолдардан, жабысқақ батпақтардан, мөлдір айдындардан тұратын күрделі əлем… Əр адам өмірге өз терезесінен қарайды. Біреудің терезесі кіршіксіз таза — ол əлемнің бəрін əдемі етіп көреді, ал бір адамдар айналаға жуылмаған кір терезесінен қарайды…
Өмірде қандай адамды кезіктірсең де бойынан жақсылық іздеуге тырыс, қуаныш сыйлауға тырыс! Терезелердің тазаруына көмектес… Бүгін туған күнің! Отбасымыз үшін қуанышты күн. Өмірің мəнді де сəнді, ғұмырың ұзақ, бақытты болсын, Диконым!" депті Қанат Айтбаев тебірене отырып.
Айта кетейік, бүгін әнші Димаш Құдайберген 23 жасқа келді. Оның әке-шешесі Қанат және Света Айтбаевтардың да әнші екені баршаға мәлім.