Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің ән салу шеберлігіне баға берген түрлі видеолардың пайда болғанына біраз болды. Әйтседе бұл жолы оның шеберлігін түріктің кәсіби музыка маманы Эмре Юджелен саралапты. Ол Димаштың Қытайда өткен «I am a Singer» ән жобасындағы француз тілінде айтқан әйгілі әніне сараптама жасаған. Онда музыка маман Димаштың әр дыбысына күйсандық арқылы жеке-жеке түсіндіріп, баға береді. Ең қызығы Эмре Юджелен әншінің кейбір жоғарғы дыбыстарына нота таппай қалады.
Ал видеоны көрген тыңдармандар түрлі пікірлер қалдырған. Кейбірі «енді адамның дауыс мүмкіндігін бағалайтын жаңа нота шығару керек шығар» деп әзілдейді.