“Дін арқылы манипуляция жасап қыруар ақша алып, салық төлемейтін сектордың бірі діни жамағаттар” - Теолог - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Дін арқылы манипуляция жасап қыруар ақша алып, салық төлемейтін сектордың бірі діни жамағаттар” - Теолог

“Дін арқылы манипуляция жасап қыруар ақша алып, салық төлемейтін сектордың бірі діни жамағаттар” - Теолог

Теолог Роман Бұрқаш салық төлемейтіндер туралы айтты.

  • 12 Сәуiр 2023
  • 53
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Өткенде халыққа курс сатып, бірақ салық төлемейтіндер жайлы айтып едіңіздер ғой?!

Одан да "страшныйын" айтайын сіздерге!
Жайлырақ жайғасып алыңыздар! Кеттік!

Халықтан дін арқылы монипуляция жасап қыруар ақша алып есебін бермейтін, салық төлемейтін сектордың бірі — ДІНи ЖАМАҒАТтар.

Ол жақта айналып жатқандарды сіз бен біз елестете алмаймыз. Олардың қоржындары томпаятын кездері ораза, құрбан айт секілді атаулы күндер. Ауқаттылардан жылына бір рет жинайтын зекеттерінің өзі бір төбе. Одан басқа уақытта да байлардан ақша сауатын акциялары да бар.

Діни жамағаттар лидерлері мен жауаптыларының қарапайым көлік мініп, жәй үйде тұратындығы көзбояушылық. Олар қандай ас ішіп, қандай киім киіп, қай жаққа қыдыратындығын жамағаттан барынша жасырып бағады.


Бұлардың осы әрекетінен мемлекетке зарар бар-жоғын білмеймін. Бар білерім осы уақытқа дейін ақшаға тойдық, жетеді, қанағат, бұдан былай халықтан артық ештеңе алмаймыз деген діни жамағат, діни ұйым көрген емеспін.

Ақша — заманауи діни жамағаттар жауаптыларының "махаббаты", — деп жазды Роман Бұрқаш.