Дін елеулі саяси факторға айналуда - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дін елеулі саяси факторға айналуда

Дін елеулі саяси факторға айналуда

Қазіргі уақытта әлемде діншілдіктің күрт артып отырғандығы байқалып отыр, деп мәлімдеді Қазақстан социологтары ассоциациясының жетекшісі, президент көмекшісі -Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин.

  • 24 Маусым 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Жаңа ғасырдың алғашқы он жылдығы дінді елемей қоюдың ерте екендігін айқын көрсетіп берді. Біз бүгінде діншілдіктің жай ғана өрлеуін емес, әр түрлі аймақтарда өзіндік толқынмен дамып отырғандығын көріп отырмыз», деді М.Тәжин Алматыда жұмада Қазақстан социологтары конгресінде сөйлеген кезінде.

Ол атап өткендей, кей жерлерде дінге бой ұру жәйттері «жаңалануға қарсы қатаң жауап іспетті».
Оның пікірінше, дін аймақтық және геосаяси деңгейде елеулі саяси фактор болып отыр, ал оны жаңаламақ әрекеттердің қауіпсіздік проблемаларына байланысты саяси салдары бар. «Сол себепті жаңалану процестерінің бөлігі ретіндегі діншілдік пен діни институттарға социологиялық зерттеулер жүргізу аса маңызды», деді ол.