Дін істері агенттігі мазмұны күмәнді кітаптармен күресті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дін істері агенттігі мазмұны күмәнді кітаптармен күресті бастады

Дін істері агенттігі мазмұны күмәнді кітаптармен күресті бастады

Қазақстандық лаңкес- 29 жасқа толмаған, жұмыссыз адам. Бас прокуратура қазіргі заман лаңкесін осылай сипаттап отыр. Құзырлы органның мәліметіне қарағанда, ел аумағында жарылыстар ұйымдастырып, қарулы қарсылық көрсетіп жүрген экстремистердің түгелге жуығы өрімдей жастар. Ал оларды тура жолдан тайдыруға радикалды діни әдебиеттердің әсер етіп жатқаны аян. Осы ретте Дін істері агенттігі мазмұны күмәнді кітаптармен күресті бастады.

  • 23 Қараша 2012
  • 383
Фото - Caravan.kz

Дәстүрлі емес діни ағымдар соңғы уақытта арам пиғылдарын іске асыру үшін жаңа айла тәсілге көшкен сыңайлы. Қатарлары қазір қалталы азаматтарды, тіпті қылмыстық топтың белсенді мүшелерін тартып жатыр. Соның арқасында бизнестің криминалдық саласына бақылау жасап, мемлекеттік сатып алуға да қатысқан. Мұндай деректерді еліміздің Бас прокуратурасы келтіріп отыр.  

Иоган Меркель, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері негізінен дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылып жатыр. Яғни, салафиттер ұйымдасқан қылмыстық топтармен бірлесуде. Анығын айтқанда сол арқылы бұндай қылмыскерлер өздері тарапынан жасалатын қылмыстарды жалған діни идеология арқылы ақтағысы келетіні де белгілі.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кеткендердің басым бөлігі жастар екенін зерттеп, зерделеген, құзырлы орган. Көбі 30 жасқа дейінгі өрімдей жігіттер. Ақтөбе, Алматы, Тараз бен Атыраудағы жарылыстарды ұйымдастырып, күш құрылымдарына қарулы қарсылық көрсеткендердің арасында тіпті кәмелетке де толмағандары болды. Әлі оң-солын танып үлгермеген бозбалалар осылайша экстремистік топтардың арбауына түсуде. Бұл ретте діни әдебиеттердің рөлі ерекше екені жасырын емес. Өңірлерді айтпағанның өзінде, Астананың қақ ортасында мазмұны күмәнді еркін саудаланып жатыр. Мәселен мына сауда орны сырт көзге жәй ғана кітап дүкені. Алайда, іші діни әдебиеттерге тұнып тұр. Мұнда қандай мағынадағы кітаптар сатылады, экстремистік сипаттағы әдебиеттер бар ма деген сауалды енді сарапшы мамандар анықтайтын болады. Ал әзірге бұл жерге тек ескерту ғана берілді. Өйткені бұл орын Астанада заңды тіркелген 8 дүкеннің қатарына кірмей қалған.

Соңғы 5 жылда елімізде лаңкестік қылмыстары үшін 148 адам сотталған, 160 адам экстремист деп танылған. Бұл түрмеге түскендердің 95 пайызы жұмыссыздар және жастар. Осындай, діннен адасып, теріс ағымға ілесіп кетпес үшін билік жұмысқа енді ғана кірісе бастаған сыңайлы. Бүгін Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт- «Хазірет Сұлтанның» наиб-имамы араб елдерінде оқып жатқан қазақ студенттерін қатаң назарға алуды ұсынса, Бас прокуратура жастар туралы заң жобасын қайта қарап шықпақ.  Жастарымыз радикалдардың жетегінде кетпес үшін.