Дін тану мұғалімдері міндетті сертификациядан өтуге тиіс
Қазақстанның білім және ғылым министрлігі "дін тану" пәнін оқытатын мұғалімдерді міндетті түрде мемлекеттік сертификациядан өткізуді ұсынады. |
""Дін тану" пәнін оқытатын мұғалімдерді кәсіби дайындықтан өткізу керек, міндетті түрде сертификация процедураларын өткізу қажет, мұғалімдердің кәсіби ойлау қабілеті мен дүниетаным тереңдігі бағалануға тиіс", деді білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов Астанада бейсенбіде дін танушылардың екінші форумында.
Ол атап өткендей, көп жағдайда дін тану ұстаздары дәріс берген кезде дін туралы өзінің жеке пікірін білдіріп жатады. "Бұған жол беруге болмайды", деді ол.
"Дін тану институлизацияланғанға дейін көптеген мұғалімдер мен ғалымдардың жалған діни ұйымдардың сертификаттарын алғандығы құпия емес", деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта мектеп мұғалімдері осы жаңа әрі күрделі пәнді оқытуда қиналып отыр. Осы орайда вице-министр оларға арнап арнайы интернет-ресурс ұйымдастыруды ұсынды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін