Дина Елгезек “Отыздан асып барамын” фильмі туралы: Түк жоқ, идея жоқ. 10 минуттан соң өшіре салдым - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дина Елгезек “Отыздан асып барамын” фильмі туралы: Түк жоқ, идея жоқ. 10 минуттан соң өшіре салдым

Дина Елгезек “Отыздан асып барамын” фильмі туралы: Түк жоқ, идея жоқ. 10 минуттан соң өшіре салдым

Журналист Дина Елгезек Ирина Қайратовна тобының “Отыздан асып барамын” фильмін қатаң сынға алды.

  • 21 Желтоқсан 2021
  • 293
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медип порталы журналистің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Өте әлсіз фильм екен.

Түк жоқ… Идея жоқ. Асығыс түсіре салынған.

Толық көруге шыдамым жетпей, 10 минуттан соң өшіре салдым.

Ащы шындық айтыла ма деген ой болған…

Бірақ ақиқаттың ауылы алыстау екен.

“Ирина Қайратовнаға” клип қана түсіру керек екен”, — деп жазды Дина Елгезек.

Дегенмен журналистің пікірімен көпшілік қауым келіспей, фильмнің жақсы түсірілгенін жазуда.

“Отыздан асып барамын” фильмі осыдан бірнеше күн бұрын YouTube желісіне шыққан болатын.


Фильмнің режисссері — Қуаныш Бейсеков

Фильм Тәуелсіздік жылдарында орын алған жайттарды баяндап, түсірген.

Екі күннің ішінде фильм 3 миллионға жуық қаралым жинап үлгерді.

 

Перейти к новостям спорта