Ол Instagram желісіндегі парақшасында келін атануға асығудың қажеті жоқ екенін айтты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист 28 жаста тұрмысқа шығудың кеш емес екенін айтып өтті. Ол тек нақты сенім болған кезде ғана тұрмысқа шығуға кеңес берді.
"Жасым 28-де. "Мына қызды ешкім алмайтын болды". Туыстарымның басты уайымы осы болғандай. Бәлкім олай емес те шығар. Бірақ сол кезде маған бәрі солай көрінген🙈
28 жасымда тұрмысқа шықтым. 29-ымда тұңғыш ана атандым. Бұл кеш пе? Білмеймін. Меніңше, кеш емес. Өмірді көрдім, өзімді сынадым, атым да затым бар болған келін болдым.
Түйгенім: тұрмысқа шығуды басты мақсат еткен дұрыс емес. "Қыз мұрату кету" дегенді мен басқаша түсінемін. Яғни, ата-анаңа масыл болмай, қаржылық тәуелділіктен шығу.
Екіншіден, "сені ешкім алмады ғой" деуді дөрекі қате деп білемін. Бұл қызды кемсіту. " Өзіңе теңің табылмады ма?" деген сұрақты ғана түсінер едім.
Үшіншіден, ешкімнің асықтыруға құқы жоқ. Өзге адамның өміріне араласпа.
Төртіншіден, күйеуге қатты шыққысы келетін қызды жігіттер сезетін сияқты. Содан қашқақтайды. Сондықтан тойды ойлағанша, өзіңді дамыту жайын ойлаған дұрыс деп білемін. Егер күйеуің ханзада болсын десең, ханшайым болыңыз", — деп жазды Дина Төлепберген.