Динагүл Тасова Playboy ұсынысы туралы: Шешінгеніммен, барып жатып аламын демедім - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Динагүл Тасова Playboy ұсынысы туралы: Шешінгеніммен, барып жатып аламын демедім

Динагүл Тасова Playboy ұсынысы туралы: Шешінгеніммен, барып жатып аламын демедім

 

  • 11 Шiлде 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz

Динагүл Тасоваға Playboy журналынан ұсыныс түскен, деп хабарлайды Stan.kz 

Төсін жалаңаштап сахнаға шыққан модель Динагүл Тасоваға ашық суреттерін көргеннен кейін, белгілі журнал Playboy-дан да ұсыныс түскен. Киім киісі дұрыс емес болса да, арудың сөзі мен ойы дұрыс. Ол Қазақстанның шетелге жаманатты болғанын қаламайтынын айтады. 

"Мен шешінгенімен, әрі қарай болды бітті мен Playboy-ға барып жатып аламын деп айтып жатқан жоқпын ғой. Негізі маған Playboy-дан да хабарласты. Кел, сен бізге өтіп тұрсың деп те айтты. Мен келісім бермедім. Көп жағдайда айта бермеймін. Шетелден миллиондаған тапсырыс түсті. Барлығынан бас тарттым", — дейді Динагүл Тасова.

Қазақты тек жақсы жағынан танытуды ойлайтын Динагүл Тасова шетелде ашық-шашық киініп, көрінгеннің етегінен ұстап кететін ойым жоқ деп ағынан жарылды.


"Осы елде жүргеннен кейін, өзімде осы елде көрсеткім келді. Басқа елге барсам, қазақтың мәдениетін, салт-дәстүрін, киімін, керек болса домбырада да ойнап көрсетемін. Мен шетелде ашық-шашық киініп көрген жоқпын. Олар менің қазақстандық екенімді біледі", — дейді Динагүл Тасова.

Соңғы жаңалықтар