Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бүгін әлемнің ең ірі спорт додасында ел намысын қорғайтын «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамы мүшелерімен болған кездесуде осылай айтты.
«Динамо» қоғамы барлық уақытта біздің спорттық командамыздың негізі болды және әрдайым осылай болып қала береді. Олимпиада жолдамасын жеңіп алған 115 спортшының 64-і «Динамо» спорт қоғамының мүшелері. Бұл команданың жартысынан көбі. Біз барлық спортшыларға сәттілік тілейміз. Дегенмен динамошыларға көбірек үміт артамыз. Өйткені олар спортшылар ғана емес, барлық уақытта елдің үлкен қорғаны», — дейді С. Сейдуманов. Серік Тұрарұлының айтуынша, спортшылардың Олимпиада ойындарындағы жетістігі бүкіл елдің жеңісі. Жалпы 4 жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындары болашақта Қазақстанда да болуы ықтимал. Алматы қаласы оның ішінде қысқы олимпиада ойындарын өткізуден үміткер болып отыр.