«Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының ұйымдастыруымен шаңғы тебуден жарыс өткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының ұйымдастыруымен шаңғы тебуден жарыс өткізілді

«Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының ұйымдастыруымен шаңғы тебуден жарыс өткізілді

 «Динамо» денешынықтыру-спорт қоғамының ұйымдастыруымен 12 команда қатысқан шаңғы тебуден жарыс өтті,

  • 18 Ақпан 2011
  • 721
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Жарысқа ҚР Ішкі істер министрлігі, ІІМ Ішкі әскер комитеті, Астана қалалық Ішкі істер департаменті, «Ұлан» республикалық гвардиясы, Көліктегі Орталық ішкі істер департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Қаржы полициясы академиясының құрама командалары қатысты.

Жалпы командалық есепте бірінші орынды «Ұлан» республикалық гвардиясы жеңіп алса, екінші орын ҚР ІІМ Ішкі әскер комитетіне тиесілі болды, ал үшінші орын Астана қалалық Ішкі істер департаментіне бұйырды.

Жеке есепте шаңғы тебуден ерлер арасында бірінші орынды Астана қалалық ІІД қызметкері Руслан Қожаев жеңіп алды. Екінші орынды ҚР ІІМ Ішкі әскер комитетінің қызметкері Ерлан Тайтілеуов алды, ал үшінші орынға «Ұлан» республикалық гвардиясынан Аслан Досымбаев ие болды.

Нәзік жандылар арасында шаңғы тебуден «Ұлан» республикалық гвардиясынан Бибігүл Әлпейісова бірінші орынды иеленсе, Қаржы полициясы академиясының қызметкері Үміткен Әбуова екінші орынды еншіледі, ал Астана қалалық Ішкі істер департаментінің қызметкері Галина Билан үшінші орынды місе тұтты.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера