Динамолық ұйымдардың Халықаралық үйлестіру кеңесінің мәжілісіне 15 елдің 12-сі өздерінің қатысатынын растады - Асқар Омарқұлов - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Динамолық ұйымдардың Халықаралық үйлестіру кеңесінің мәжілісіне 15 елдің 12-сі өздерінің қатысатынын растады - Асқар Омарқұлов

Динамолық ұйымдардың Халықаралық үйлестіру кеңесінің мәжілісіне 15 елдің 12-сі өздерінің қатысатынын растады - Асқар Омарқұлов

Алматыда қазанның 15-і күні ҚР «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 85 жылдық мерейтойы аясында динамолық ұйымдардың Халықаралық үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтеді.

  • 13 Қазан 2010
  • 681
Фото - Caravan.kz

ҚР «Динамо» спорт қоғамы Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұловтың айтуынша, бұл жиынды кеңес төрағасы, Бүкілресейлік «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы төрағасының орынбасары Владимир Тимошин жүргізеді. Оған қазіргі кезде бүгінгі таңда 12 елдің өкілдері өздерінің қатысатынын растады. Халықаралық үйлестіру кеңесінің бұл отырысында спорт қоғамдарын дамыту мәселелері мен олардың бірлескен жұмыстарының келешегі, сондай-ақ ТМД елдері мен алыс шетелдердегі динамолық ұйымдардың спортшыларының қатысуымен 2011 жылы өтетін «Динамиаданы» ұйымдастыру жоспарлары талқыланады. Жалпы бұл кеңес динамолық ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2002 жылы құрылған болатын. Бүгінгі таңда оған 15 ел мүше боп кірсе, 3 мемлекет бақылаушы мәртебесіне ие болып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера