«Динамо-Қазақстан балаларына» қайырымдылық акциясы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Динамо-Қазақстан балаларына» қайырымдылық акциясы басталды

«Динамо-Қазақстан балаларына» қайырымдылық акциясы басталды

Бүгін «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Динамо-Қазақстан баларына» қайырымдылық акциясын бастады.

  • 31 Мамыр 2011
  • 498
Фото - Caravan.kz

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шараны «Динамо» қоғамының жер-жердегі түрлі деңгейдегі филиалдары бүкіл ел аумағында өткізеді.

«Оны Алматы қаласында биыл «Нұр Отан» ХДП, қалалық ішкі істер департаменті, ҚР Сыртқы істер министрлігінің дипломатикалық өкілдіктерді күзететін полиция полкі және «Шалқар» радиосы мен «СТВ» телеарнасы бірлесіп ұйымдастырып отыр. Динамо стадионында өтіп жатқан қайрымдылық акциясына жетім балалар, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, күш құрылымдарының қайтыс болған қызметкерлерінің және аз қамтамасыз етілген отбасылардың 200-ден астам балалары шақырылған», — дейді «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамының Жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Гүлзия Кузнецова. Оның айтуынша, мерекелік шара кезінде музыкалық рок топтар мен әртістердің қатысуымен концерт қойылып, түрлі ойындар, спорттық көрсетілімдер және әрқилы байқаулар болады. Сондай-ақ акция кезінде барлық балаларға түрлі сыйлықтар таратылады. Г. Кузнецованың сөзіне қарағанда, денешынықытру және спорт қоғамының мақсат спортты балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау және балалар арасындағы тәртіпсіздіктің алдын алып, нашақорлықпен күресу. Бұл бағытта олар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін жер-жерде спорттық үйірмелер ұйымдастырып, тұрпақты түрде әрқилы жарыстар өткізуде. Соның нәтижесінде барлық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама сапындағы спортшлыардың басым бөлігін қазір динамошылар қозғалысының өкілдері құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар