"Динара Адамға менің ренжуім керек": Белгілі продюсер мен Aiboo арасында айтылмаған қандай құпия бар - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Динара Адамға менің ренжуім керек": Белгілі продюсер мен Aiboo арасында айтылмаған қандай құпия бар

"Динара Адамға менің ренжуім керек": Белгілі продюсер мен Aiboo арасында айтылмаған қандай құпия бар

Aiboo елімізге белгілі продюсері Динара Адамның жобасы болды. Бірақ бірлескен жұмыс ұзаққа созылған жоқ. Көп ұзамай Aiboo өз жолымен кете барды.

  • 10 Ақпан 2020
  • 175
Фото - Caravan.kz

Араға біраз жыл салып жақында қайтадан сахнаға оралатындығын жеткізген Aiboo  Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне сұхбат берген еді.

Aiboo елімізге белгілі продюсері Динара Адамның жобасы болды. Бірақ бірлескен жұмыс ұзаққа созылған жоқ. Көп ұзамай Aiboo өз жолымен кете барды. Араға біраз жыл салып жақында қайтадан сахнаға оралатындығын жеткізген Aiboo-дан Caravan.kz медиа-порталының тілшісіне сұхбат берген еді.  

— Айбөпе  осы  уақытқа дейін немен айналыстыңыз және дәл қазірнемен шұғылданып жүрсіз?

— Жалпы не нәрсемен айналыссам да, қанша жерге бас ұрсам да өнерді, киелі сахнаны тастай алмайтындығыма көзім жетті. Осынша уақыттан кейін де менің өнерге деген махаббатым сөнген жоқ.Керісінше еселене түсті десемде болады.

— Бір кездері "Заман адам", "Мұң салма" атты екі әніңіз шықты.  Бірақ өзіңіз бірден ғайып болдыңыз.  Неліктен?

— Бірі білсе, бірі білмес мен біраз жыл бұрын Динара Адаммен жұмыс жасадым. Келісім-шартқа отырдық. Сол кезде осы екі ән жарыққа шыққан болатын. Содан кейін ол кісі бірден менімен жұмыс жасай алмайтындығын жеткізді. Одан соң менде іштей қатты күйзеліс болды. Өнерді тастаймын деп ойладым. Күйзелістен ұзақ уақыт шыға алмай жүрдім. Сол себепті шығармашылығымда осынша уақыт үзіліс болды.

— Динара Адамды ренжітті деген қаңқу сөздер де шыққан еді. Ол қаншалықты рас?

— Динара ханым өте тамаша адам. Мен оны қатты жақсы көрем, анамдай сыйлаймын. Мінезі де сондай күшті, қарапайым адам. Тіпті ондай жанды ренжітуге батылың да бармайды шынын айтқанда. Мен оны ренжіткен жоқпын. Менімен жұмыс жасамайтындығын айтқан — ол. Екеуіміздің арамыздағы жағдайда керісінше мен оған ренжу керек шығармын.

— Индиго тобынан не үшін кеттіңіз? Бұған Әдемі яғни қазіргі Динаяның қатысы бар ма?

— Иә, қатысы бар. Бірақ бұл туралы айтқым келмейді, ұзақ әңгіме. Бір жағынан келісім шарт та біткен болатын.  Осылайша топпен қош айтыстым.


— Ең алғаш сізді "Екі жұлдыз" жобасынан Қайрат Нұртаспен көрдік, өкінішке орай финалға шықпай қалдыңыздар ? Оған не себеп деп ойлайсыз?

— Шынымды айтсам өзім де түсінбедім. Мүмкін ол кезде әжірибеміз өте аз болған шығар. Сол себепті қазылар-алқасы финалға лайық  деп санамаған шығар. Бірақ мен үшін ол жобаға қатысудың өзі үлкен тәжірибе болды.

— Қазір кіммен жұмыс жасап жатырсыз? Модель саласына да мән берген екенсіз, әншілік пен екеуін бірге алып жүресіз бе?

— Қазір шүкір, өзім армандаған адамдармен жұмыс жасап жатырмын. Қызу дайындық үстіндемін. Жақында жақсы жаңалықтармен қайта оралатын боламын. Модельдік саланы да меңгерсем деймін. Әрине, әншілік ол менің негізгі салам. Қысқасы мендегі тосын сыйларға жақын арада куә боласыздар. Күтіңіздер.

Айбөпе Қарашева — Aiboo лақап есімімен танымал Қазақстандық әнші. Индиго тобының экс-солисті. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын эстрадалық өнер мамандығы бойынша тәмамдаған
2009 — 2012 жылдар аралығында танымал "Индиго" тобында өнер көрсеткен.

2011 жылы “Екі Жұлдыз” бағдарламасының төртінші маусымында Қайрат Нұртаспен бірге өнер көрсеткен.2015 жылы Украинаның X Factor жобасына қатысып, финалға дейін өтті.