Динара Мұсаева - «Жас Қыран аруының» екінші вице-аруы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Динара Мұсаева - «Жас Қыран аруының» екінші вице-аруы атанды

Динара Мұсаева - «Жас Қыран аруының» екінші вице-аруы атанды

Құқық қорғау саласындағы қыпша белді арулар өзара сайысқа түсті, деп хабарлады ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

  • 11 Желтоқсан 2011
  • 985
Фото - Caravan.kz

Мұндай шара елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр. «Жас қыран аруы-2011» деп аталатын байқауда құтқарушылар, прокурорлар, полицейлер мен әскери саладағы бикештер бақ сынасты. Шараның негізгі мақсаты — қарапайым халықтың құқық қорғаушыларға деген көзқарасын өзгерту. Себебі: погон таққан полицейлерге көпшіліктің қорқынышпен үрке қарайтыны мәлім.

Погон таққан арулар үшін елімізде мұндай байқау бірінші рет өткізіліп отыр. Содан болар, сайысқа қатысушы қыздарда толқу болды. Бәрінің ішіндегі бір арман — еліміздің құқық қорғау саласындағы нөмірі бірінші аруы атану. Ерлер арасында жұмыс істейтін бұл нәзік жандылардың ерекше қошеметке ие екендіктерін әріптес жігіттер де мойындап отыр.

— «Қыз бар жерде тәртіп бар, қыз бар жерде әріптес жігіттердің өзі галстугін тартып, сақалдарын қырып келеді. Сондықтан осындай конкурс ұйымдастырып отырғанымыздың мақсаты — адамдардың құқық қорғау саласына көзқарасын өзгерту», — дейді «Жас қыран» Республикалық әскери патриоттық бірлестігін дамыту орталығының төрағасы Жақсыбай Боранбаев.

Сайыстың талабы бойынша бикештер өз-өздерін таныстырып, әр түрлі сұрақтарға жауап берді және өнерлерін көрсетті.

Құқық қорғау саласындағы 12 бикештің ішінен ең мықты, ең сұлу аруды таңдау оңайға түскен жоқ. Любовь Шапошникова сайыс қорытындысы бойынша бірінші вице-ару атанды. Ал Көліктегі ІІД тергеушісі, полиция капитаны Динара Мұсаева екінші вице-ару жүлдесіне ие болды. Бас жүлдеге Ішкі істер министрлігінің қызметкері Анар Айтжанова қол жеткізді.

Перейти к новостям спорта