"Динара Сәтжан Оңтүстікке келін атанды" Тележүргізушінің танымал кәсіпкердің жары атанғаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Динара Сәтжан Оңтүстікке келін атанды" Тележүргізушінің танымал кәсіпкердің жары атанғаны рас па?

"Динара Сәтжан Оңтүстікке келін атанды" Тележүргізушінің танымал кәсіпкердің жары атанғаны рас па?

Танымал журналист Динара Сәтжанның әлеуметтік желіде белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққанын жарыса жазуда.

  • 24 Ақпан
  • 331
Azattyq ruhy

Алайда тележүргізуші оны растаған да, жоққа шығарған да жоқ. Дегенмен ол оңтүстікке келін болғанын жариялады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Абысындардан мастер класс»

Ол Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында болып етке нан жайып жатқанын көруге болады. Ол жерде «Абысындардан мастер класс», — деп жазба қалдырды.

Видеода ол абысындарының парақшаларын жариялады. Олардың барлығы миллиардер Жұмабек Жанықұловтың жеңгелері мен келіндері. Кейбірінің тегі тіпті Жанықұлова деп жазылған. Оның кімге тұрмысқа шыққанын білуге болады.

Желі оқырмандары танымал тележүргізушіге жылы лебіздерін білдірді.

“Динара Сәтжанның қолынан шай ішсек”, деген ағайын-туыс көп шығар?! Дастархан жақсылыққа жиі жайылсын!», «қанша жерден бай болсақ та қарапайымдылықты жоғалтпаған адам нағыз бай адам», «Динара құтты болсын! Жаныңда супер абысындар болғаны қандай жақсы», — деп пікір қалдырды.