Динара Сәтжанның әке-шешесі баланы табыскер етіп тәрбиелеудің әдісін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Динара Сәтжанның әке-шешесі баланы табыскер етіп тәрбиелеудің әдісін айтты

Динара Сәтжанның әке-шешесі баланы табыскер етіп тәрбиелеудің әдісін айтты

Ол тележүргізуші және журналист ретінде танымал. Сонымен қатар, ол - Dinara Satzhan Fashion Group шоу-румын иеленіп отырған іскер әйел.

  • 12 Мамыр 2017
  • 5141
Фото - Caravan.kz

Динара Сәтжанның сүйіп айналысатын істі ұзақ уақыт іздегенін көпшілік біле бермейді, деп жазады Forbes Kazakhstan журналы. Бұл тұрғыда оған анасы Ақмарал Тоқанова мен әкесі Жаңабай Сәтжан көмектескен.

Олардың отбасында үш бала бар. Үлкені — Динара. Оның Раджик және Рауан есімді інілері бар. Бұл отбасы Алматыға Жезқазғаннан көшіп келген. Сонау 90-шы жылдары басқалар сияқты Жаңабай Сәтжанға да мемлекеттік қызметкердің айлығына өмір сүру мүмкін болмай кетіпті. Сондықтан ол бизнеспен айналыса бастайды.

Ал Динара ұйымдастырушылық қабілетін оқушы кезінен танытқан. Сондықтан әке-шешесі оны бетінен қақпай, еркін өсіріпті. Осының да әсері болса керек, қазір Динара Сәтжан қазақтың ең табыскер әйелдерінің біріне айналды.

Динара Сәтжан. Pandaland.kzДинара Сәтжан. Pandaland.kz

Бүгінде оның әке-шешесі қыздарының өте еңбекқор екенін айтып отыр. Олар Динараны мақтан тұтады екен.

"Қазір ел алдына шықсақ, бізді Динара Сәтжанның ата-анасы деп таныстырады. Біз оны қазір ғана емес, бала кезінен мақтан тұтамыз" дейді олар.

Динараның ата-анасы табыскер адамды тәрбиелеудің нақты әдісін айта алмайды. Бірақ бұл тұрғыда кей нәрселерге мән беру керектігі жөнінде кеңес берді.


"Меніңше, балаға кішкентай кезінен артық салмақ арта бермеу керек. Бос уақыты болғаны жөн. Дарыны сонда ғана ашылады. Мысалы, біз Динараға еркіндік беріп отырдық" дейді әкесі.

Жаңабай Сәтжан. Comode.kzЖаңабай Сәтжан. Comode.kz

Ал анасы былай деп қосты: "Баланы жиі мақтап отырыңыздар. Ұрыспаңыздар. Тек оның дұрыс істемей жатқанын жәйлап түсіндіріңіздер. Сондай-ақ, ақшаның не екенін, оның қандай жолмен келетінін бала кезден түсіндіру керек. Егер тек сый-сияпатқа бөлей берсеңіз, ол ерке болып өседі. Ал алдына мақсат қойғызып, ынталандырып отырсаңыз, бала дамиды".

Динара анасымен бірге. Pandaland.kzДинара анасымен бірге. Pandaland.kz