Смановтың айтуынша, сақалы жоқ еркектер қияметте әйелдермен бірге тұрады екен, деп хабарлайды Caravan.kz.
"Сақал – ер кісінің абыройы. Сақал туралы өте үлкен хадистер бар. Ауыр хадистер бар. Сақалы жоқ еркек ертең қияметте қатындармен бірге тұрады деген. Алла сақалды ер кісіге зейнет қылып берді, әйел кісіге шашты берді. Қараңыз, еркегімізде сақал жоқ, қатынымызда шаш жоқ. Қандай заманға аударылып кеткен. Бәлкім, біз аз ғана ойланайық. Нәпсімен емес, ақылменен ойланайық" дейді ұстаз.