Діндер құрылтайының қорытындысы ретінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық тұғырнамасы қалыптасуы тиіс - Бүкіләлемдік ислам Лигасының бас хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Діндер құрылтайының қорытындысы ретінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық тұғырнамасы қалыптасуы тиіс - Бүкіләлемдік ислам Лигасының бас хатшысы

Діндер құрылтайының қорытындысы ретінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық тұғырнамасы қалыптасуы тиіс - Бүкіләлемдік ислам Лигасының бас хатшысы

"Әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайының нәтижесінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық тұғырнамасы қалыптасуы тиіс. Ал бұл тұғырнама өз кезегінде біздің өз халықтарымызға ұсынатын бірлескен бағдарламаға арқау болуы тиіс". Бұл туралы бүгін, 23-қыркүйекте Астанада басталған халықаралық діндер форумында Бүкіләлемдік ислам Лигасының бас хатшысы Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин Аль-Турки мәлімдеді .

  • 23 Қыркүйек 2003
  • 442
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, мұндай «бағдарламаның басты мақсаты — діндерді қорғау, діндерді саяси мақсатқа жету құралы ретінде жеке бастың пайдасына қолдануға жол бермеу, дінді материалдық байлыққа қол жеткізу құралы ретінде пайдалануға, өркениеттер қақтығысы жөніндегі теорияны дәлелдеу үшін лаңкестік пен зорлық-зомбылықты, өктемдікті ақтап алуға сылтау ретінде пайдалануға тосқауыл қоюға бағытталуы тиіс».

«Олай дейтініміз, адамдарға Алладан жіберілген дін — адамдарды қараңғы түнектен жарықққа шығару үшін жолданғаны белгілі»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар