Дінді саясиландырып, оны басқа мақсатта пайдаланбауымыз қажет - Бас мүфти - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дінді саясиландырып, оны басқа мақсатта пайдаланбауымыз қажет - Бас мүфти

Дінді саясиландырып, оны басқа мақсатта пайдаланбауымыз қажет - Бас мүфти

Астанада өтіп жатқан Еуразия мұсылмандары форумында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз дінді саясиландырып, оны басқа мақсатта пайдаланбау қажеттігін айтты.

  • 2 Наурыз 2018
  • 213
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды. 

Алдымен Серікбай қажы Ораз жат діни ағымдардың идеологиясына төтеп беру үшін Еуразия мұсылмандарын бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

«Еуразия мұсылмандары радикализмнің кез келген түрін, оның ішінде діннің атын жамылған содырлық әрекеттерді қолдамауға тиісті. Керісінше, исламға қатысты ксенофобия орын алмас үшін діни радикализмге қарсы орынды сын айтып, ортақ ұстанымдарымызды жариялап отыруымыз керек», — деді ол.

Осы орайда Бас мүфти Еуразия құрлығындағы мұсылмандардың басым бөлігі зайырлы мемлекеттерде тұратынын айта келе, дінді саясиландырмау қажеттігін атап өтті.

«Еуразия кеңістігіндегі мұсылман халықтары негізінен зайырлы мемлекеттерде өмір сүруде. Әлбетте зайырлы мемлекеттің де өзіндік ерекшеліктері бар. Дегенмен дінді саясиландырмау қағидасы зайырлы мемлекеттердің барлығына ортақ деп санаймын. Олай болса, біз қандай жағдайда да дінді саясаттың құралына айналдырмауымыз керек», — деді ол.

Осы орайда Серікбай қажы Ораз әлемдегі діни ахуалдың күрделенуі дін қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыратынын жеткізді.«Күрделенген діни ахуал дін қызметкерлерінің жауапкершілігін одан сайын арттыра түсті. Осы мақсатта мүфтият екі рет республикалық имамдар форумын, Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын, имамның тұлғалық келбеті, үздік зияткер имам сынды тәлімді құжаттарды қабылдады», — деп түйіндеді сөзін Бас мүфти.