Бұл туралы ол Abay Live Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Тәңіршілдіктің болғанын ғылыми түрде мойындаймыз. Тәңірге сенгенін мойындаймыз. Ғылыми тұрғыда бар, ата-бабамыз сонымен келді. Ал бірақ Ислам дінін қабылдағаннан кейін барып тәңіршілдік наным-сенімді ата-бабамыз ұстанған жоқ. Бірақ ол кездегі дәстүрлері Исламменен боялып, Исламға кірді. Екіншіден, бір адам екі дінді бір мезетте ұстай алмайды. Үшіншіден, дін апиын деген нәрсеге келісе алмайтын дүнием біреу. Менің жеке пікірім дінді зомби қылатын болсаң дін апиын болады. Оны дұрыс түсінбей, оны басқа бағытқа бағыттасаң оның санайтын болсаң, онда сол кезде айтсаң болады. Ислам діні ешкімнің санасын уламайды, ағымдар улайды», — деп жауап берді дін қызметкері.
Естеріңізге сала кетейік, марқұм Мұхтар Мағауин бір жыл бұрынғы сұхбатында «дін апиын» деген еді.
«Дін деген апиын деген. Сол дұрыс сөз. Оның мәнісін ұғынып жатқан жоқ. Апиын аз қолданса ем, көп қолданса ауру. Мен солай ұғынамын. 19 ғасырдағы қазақ зиялылары оқығандары, қайраткерлері неге қарсы күресті? Отарлыққа қарсы күрес жасап, дінге қарсы күресті. Дін деген қараңғылық. Әсіредіншілдіктің түкке керегі жоқ. Ғылым-білімді жеткізетін дін емес», — деп сұхбат берген еді.