Діни басқарма өкілі: Қыздың обалына қалып, бағдарламаға бедел жинап тапқан тамақ өңештен қалай өтер екен - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Діни басқарма өкілі: Қыздың обалына қалып, бағдарламаға бедел жинап тапқан тамақ өңештен қалай өтер екен

Діни басқарма өкілі: Қыздың обалына қалып, бағдарламаға бедел жинап тапқан тамақ өңештен қалай өтер екен

Қазақ қызы бағдарламаға келіп, пәктігін саудаға салатынын айтқан еді. Бұл көпшіліктің талқысына түсіп, сынға ілікті. Қызды да, бағдарлама жүргізушілерін де айыптады. Бұл орайда ҚМДБ ресми өкілі де пікір білдіре кетті.

  • 15 Сәуiр 2019
  • 25
Фото - Caravan.kz

"Оның обалына қалып, бағдарламаға бедел жинап тапқан тамақ өңештен қалай өтер екен. Өткен жолы "Өз ойым" ток-шоуының продюсері "Ертеңгі тақырып "қыздығын" сатқысы келген қыз туралы еді.

Осыған имам жіберсеңіз…" деп өтініш білдірді.

Оны жұмысқа шақырып алып, насихат айттық. Айдай əлемге əшкерелеу əдісімен мəселені шешу мүмкін емес екенін түсіндірдік. Ұзақ-сонар əңгіменің тоқетері "тезекті түрткен сайын сасиды" болды. 

Бұл бойжеткеннің өзіне берілген "рөлді" сомдап шыққан-шықпағаны бізге беймəлім. "Сценарий ғой" деген ойға құлай бергің келеді.

Десе де оны оқудан шығарып жібергені туралы ресми ақпарат тарады. Бұл енді обал емей, немене?. Оның обалына қалып, бағдарламаға бедел жинап тапқан тамақ өңештен қалай өтер екен.

"Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді". "Өз ойым" шектен шықса, көзі ашық көрермен күңіренер", — дейді ҚМДБ ресми өкілі 
Ағабек Қонарбайұлы
.

Естеріңізде болса, өткен аптада 19 жастағы Айнұр Жәнібекова дүйім жұрттың алдына шығып, 2 миллион теңгеге пәктігін сатқысы келетінін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар