Жарияланды: 410

Діни бірлестіктердің тіркелуі талаптарын күшейту қажет

Діни бірлестіктердің тіркелуі талаптарын күшейту қажет. Бұл туралы бүгін Астанадағы «Қазіргі заманғы діни ахуал: мәселелері мен даму үрдісі» атты республикалық дөңгелек үстелде Мәдениет және дін халықаралық орталығының бас ғылыми қызметкері Есбосын Самғұлов мәлім етті.

«Ресми мәлімет бойынша бізде 4,5 мыңға жуық діни бірлестіктер жұмыс істейді. Оның 2,5 мыңы ислам, 300-ге жуығы православ, 100-дейі католик, сондай-ақ 1,5 мыңы протестанттар және Қазақстан үшін дәстүрлі емес ағымдар. Мен дәстүрлі емес ағымдарды секталар деп атап тұрғаным жоқ. Себебі олар елімізде заңды тіркеліп алған. Алайда олардың кейбіреулерінің заңды белден басатын жәйттері кездеседі»,-деді Е. Смағұлов. Оның сөзіне қарағанда, осындай ағымдардың кесірінен адамдар жеке мүлкінін айырылып, психологиялық бодандыққа кіретін оқиғалар болып жатады. «Осының салдарынан бұл адамдар отбасынан айырылып, өміріне айтарлықтай қиянат жасалады. Яғни, осындай қызметпен айналысатын бірлестіктерді жауапқа тарту керек»,-деді ол. Е. Смағұловтың айтуынша, біздің заңнамада «секта» деген термин жоқ. Алайда, заң аясында аталған теріс ұстанымдағы бірлестіктердің жұмысын тоқтатын тетіктер бар. Бірақ та, өкінішке қарай, біздің заңнама өте либералды екеніне тоқталған ол, «енді заңнаманы қатайтудың уақыты жетті. Атап айтқанда, діни ағымдардың тіркелеуі талаптарын күшейту керек»,-деді. Оның пайымдауынша, елімізде діни бірлестікті құру шарттары өте жеңіл. Сондықтан осы талаптар теріс ағымдар үшін жаңа бірлестік құруға еш қиындық тудырмайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін