Діни экстремизм мен терроризммен күреске қыруар қаржы бөлінбек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Діни экстремизм мен терроризммен күреске қыруар қаржы бөлінбек

Діни экстремизм мен терроризммен күреске қыруар қаржы бөлінбек

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясы

  • 28 Қыркүйек 2016
  • 561
Фото - Caravan.kz

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында діни терроризм мен экстремизмге қарсы күрес шараларына қыруар қаржы қарастырылған, деп хабарлайды Baq.kz

«Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қосымша шараларына 70 млрд. теңге жұмсау жоспарланып отыр. Соның ішінде 42,7 млрд. теңгесі діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мен құқық тәртібін нығайту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталады», — деді Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысында Б.Сұлтанов.

Бұдан бөлек, 136 млрд. теңгенің ірі жобалары іске асырылады. Соның ішінде ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жұмыстары мен аталған шараны уақытында өткізу (33 млрд.), Назарбаев университеті мен ЭКСПО нысандарымен қосу (53 млрд.), Астана қаласының көліктік инфрақұрылымын дамыту (41,5 млрд.) жобалары бар.


Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің бүгінгі отырысында 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын қабылдады.