Діни конфессиялар арасында бейбіт диалог орнығу үшін уақыт, төзім және мойынсұну қажет- Бүкіләлемдік Лютерандар Федерациясының бас хатшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Діни конфессиялар арасында бейбіт диалог орнығу үшін уақыт, төзім және мойынсұну қажет- Бүкіләлемдік Лютерандар Федерациясының бас хатшысы

Діни конфессиялар арасында бейбіт диалог орнығу үшін уақыт, төзім және мойынсұну қажет- Бүкіләлемдік Лютерандар Федерациясының бас хатшысы

"Діни конфессиялар арасында бейбіт диалог орнығу үшін уақыт, төзім және мойынсұну қажет". Бұл туралы бүгін, 24-қыркүйекте Бүкіләлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайында сөз сөйлеген Бүкіләлемдік Лютерандар Федерациясының бас хатшысы Ишмаэль Ноко осындай пікір білдірді.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 880
Фото - Caravan.kz

Оның пікірінше, диалогтың негізі — серіктестер арасындағы сенім болып табылады. «Біздің — құрылтайға қатысушылардың — осыны түсіне алуға қол жеткізгеніміз қуанышқа бөлейді», — деді И.Ноко.

«Басқаларды тыңдап үйренбейінше, өзге діндердің дәстүрін зерттеп білмейінше диалог орнату мүмкін емес «,- деді Бүкіләлемдік Лютерандар Федерациясының бас хатшысы. Ол конфессиялар арасындағы осындай жоғары дәрежелі диалогты бастауға ұйытқы болған Қазақстанның бастамасын жоғары бағалады. Осынау айтулы оқиғаға қатысушы әрбір адам ғаламдық тұрақтылықтың орнығуы мен адамзаттың біртұтас отбасының игілігіне өзінің кішігірім үлесін қосып отыр,- деді сөзінің соңында бас хатшы.

Соңғы жаңалықтар