Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы өмірден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.09
  • 577.34
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы өмірден өтті

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы өмірден өтті

Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, ғалым-микробиолог Рауза Қонаева 91 жасында өмірден өтті

  • 16 Қаңтар
  • 9
Фото: imbb.org.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жеткізді.

«Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын, Рауза апа! Айтқан сөзіңіз, тілегіңіз жүрегімде, Мұрат Тәжімұратұлы ағамыз екеуіңіз әрдайым жүрегімде боласыздар!» — деді ол.

Айта кетейік, Рауза Ахметқызы 1956 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Қазақ КСР Молекулалық биология және биохимия институтының директоры қызметін атқарған.

1956-2016 жылдары Қазақстан Ғылым академиясында еңбек етті. Ол — ғылым докторы, профессор.