Діннің атына кір келтіріп, позорды шаштыңдар - хиджабтағы қыз әнші Айдана Меденова туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 509.75
  • 594.67
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Діннің атына кір келтіріп, позорды шаштыңдар - хиджабтағы қыз әнші Айдана Меденова туралы

Діннің атына кір келтіріп, позорды шаштыңдар - хиджабтағы қыз әнші Айдана Меденова туралы

Желіде кәсіпкер, блогер Фариза Мырзабек хиджабын шешіп тастаған Айдана Меденованы сынға алды.

  • 14 Қаңтар
  • 13
Instagram/Фариза Мырзабек

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Нә бәле болды бәріне? Блогерлер мен әншілер орамалды ойыншық қылып, өлдіңдер ме сонша ақшадан? Сұмдық қой мынау деген? Жанымның қалауы, жанымның тыныштығы, елдің сөзі деп.

Алланың разылығы қайда қалды? Неге тақтыңдар онда орамалды, қайта шешіп тастайтын болсаңдар? Агитация жасап, орамалды тағып-шешуді ойыншық қылып?

Орамал таққан қыздар, әншілер, блогерлер сіздерді орамал тақпасаңыздар да сыйлайтын еді. Содан кейін сыйымыз артқан еді сіздерге, шешіп, не істедіңдер? Діннің атына кір келтіріп, позорды шаштыңдар», — деді ол.