Дипломаттар Меккеге кеткен қажыларды тізім бойынша дереу тексеріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дипломаттар Меккеге кеткен қажыларды тізім бойынша дереу тексеріп жатыр

Дипломаттар Меккеге кеткен қажыларды тізім бойынша дереу тексеріп жатыр

Күллі мұсылман Құрбан айтты атап өтіп жатқанда, Меккеден тағы қайғылы хабар жетті! Өте қауіпті міндет шайтанға тас лақтыру кезінде адамдар бірін-бірі таптап өлтірген. Осы сағаттарға келіп түскен мәліметке қарағанда, 717 қажы қаза тауып, мыңдағаны ауыр жараланған.

  • 25 Қыркүйек 2015
  • 323
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға Мина жазығында болды. Шайтанға 7 тас лақтыруға таласқандар тар жолда сығылысып, соңында бір-бірін таптап өткен. Мүрделер жерде шашылып жатыр. Оны құтқару қызметтері жинап үлгере алар емес. Өлгендер мен жарақат алғандардың саны минут сайын арта түсуде. Меккедегі қайғылы оқиғадан соң еліміздің Сыртқы Істер министрлігі Сауд Арабиясында елшілікпен байланысып, Қазақстаннан барған қажыларды тізімдері бойынша шұғыл тексеруге кіріскен. Әзірше, отандастарымыздың зардап шеккені туралы ақпарат жоқ. Қажылыққа Қазақстаннан 4 мың адам аттанған болатын. Ал бұл Меккедегі алғашқы қайғылы жағдай емес. 10 күн бұрын осы Меккеде қатты дауылдан кран құлап 109 адам опат болған еді. 

Соңғы жаңалықтар