Диснейдің мультфильмдері қазақ тілінде сөйлей бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Диснейдің мультфильмдері қазақ тілінде сөйлей бастады

Диснейдің мультфильмдері қазақ тілінде сөйлей бастады

«Disney Pixar» компаниясының Қазақстандағы алғашқы жобасы - әйгілі «Көліктер» мультфильмінің қазақ тіліндегі нұсқасы маусым айында көрсетілетін болады.

  • 25 Мамыр 2011
  • 893
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Голенко мәлім етті.

Оның хабарлауынша, бұл жоба «Болашақ» қауымдастығы мен «Алтын қыран» қорының қатысуымен қолға алынып отыр. «Бүкіл әлемге әйгілі «Көліктер» мультфилімінің дубляжы кезінде біз ең үздік қазақстандық әртістерді таңдап, олардың дауыстарын «Дисней» компаниясының мамандары іріктеді. Бұл — Қазақстанның тарихында болмаған үлкен әрі жауапты жоба. Меніңше, қазақша сөйлей бастаған «Көліктер» көрермен қауымға ұнайды. Оны біз шілденің басында Астанада өтетін кинофестивальдің жұмысы кезінде жан-жақты талқылайтын боламыз. Ал оған дейін мауысымның басында, я болмаса орта шенінде көрермен қазақша «Көліктерді» көріп, өз бағасын бере алады», — дейді В.Голенко.

«Меломан» компаниясының бас директоры атап көрсеткендей, «Көліктер» мультфилімінің дубляжын жасаған әртістердің ішінде Алматының Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының әртістері бар.

Перейти к новостям спорта