"Диванда отырып сынамай, белсене араласу керек" - ІІМ басшысы полицияға деген сенім туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Диванда отырып сынамай, белсене араласу керек" - ІІМ басшысы полицияға деген сенім туралы айтты

"Диванда отырып сынамай, белсене араласу керек" - ІІМ басшысы полицияға деген сенім туралы айтты

 

  • 2 Маусым 2023
  • 57
Фото - Caravan.kz

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенімі туралы сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

"… Қазақстандықтардың біздің полицияға деген сенімі артты ма?" — деп сұрады журналистер елорда әкімдігінде өткен жиында Ішкі істер министрлігі басшысынан.

Журналистің сұрағына жауап берген Марат Ахметжанов "диванда отырып сынамай, белсенді араласуға" кеңес берді.

"Сізден сұрайын деп едім, сізге сезіле ме? ("Жоқ" — журналист жауабы. — еск.) Жарайды, жақсы. Сенім ең бастысы, бірақ ол үшін ортақ (шешім) қажет. (…) Бүгінгі криминогендік жағдайды алайық – елімізде қасақана адам өлтіру 50 пайызға азайған. Біз жаяу жүргіншілер өлімін 25 пайызға азайтқан интеллектуалды жүйені жасадық. Егер сіздер бұны сезбесеңіздер, көрмесеңіздер, онда кім көретінін білмеймін… Сондықтан, диванда отырып сынамай, үнемі көріп, қарап, белсене араласу керек", – деп пікір білдірді Марат Ахметжанов.