"Диванда жатқанды жақсы көреді": Меруерт Түсіпбаева қазақ жігіттерін жерден алып, жерге салды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Диванда жатқанды жақсы көреді": Меруерт Түсіпбаева қазақ жігіттерін жерден алып, жерге салды

"Диванда жатқанды жақсы көреді": Меруерт Түсіпбаева қазақ жігіттерін жерден алып, жерге салды

ҚР Еңбек сіңген әртісі, әнші Меруерт Түсіпбаева жасы елуден асса да, жас жігіттерден жиі хат алатынын жасырмады. Өнер иесі оған "кездескім, жүздескім келеді" деп жазатын ер азаматтардың басым бөлігі альфонстар екеніне сенімді.

  • 4 Қараша 2019
  • 49
Фото - Caravan.kz

Түсіпбаева қазіргі қазақ жігіттерінің кей іс-әрекеттеріне таңғалатынын айтып, оларды жалқаулығы үшін сынап тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әншінің өнеріне ғана емес, сыртқы келбеті мен образына ғашық болып, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылып жатқан жандар жеткілікті. Өнер иесінің қыр-соңынан қалмай, жұлдыздың көңілін аулауға тырысатын қыз-жігіттердің мұндағы мақсаты қандай екенін дөп басып айту қиын. Біреудің кеудесін шыныменде сезім кернесе, тағы да басқа адамның бойын арам-пиғылдары билеуі мүмкін. Әнші Меруерт Түсіпбаева өзіне сезімін білдіріп, хат жазатын ер адамдардан дәл осыны аңғарған көрінеді. Ол өзімен танысқысы келгендерді зерттеп, олардың басым бөлігі "дайын асқа тік қасық болғысы келетін" альфонс жігіттер екенін анықтапты. 

""(…) Қазақтың жігіттеріне не болғанын білмеймін, сынап көреміз дей ме әлде шынында да сондай бір ойлары бар ма? Әйтеуір маған өлтіріп тұрып хат жазады. Ал түрлеріне қарасаң бала. Сосын: "Құдай сақтасын. Мыналарды мен не істеймін? Тәрбиелеймін бе? Бала қыламын ба? Асырап аламын ба? — деп ойлаймын.(…) Өмір сүру қиындап  барады. Ел азаматтары жалқау, кішкене диванда жатқанды жақсы көреді. Олар мен жайлы: "Ерігіп жүрген әйел. Баласы бар болса, мейлі. Өзі сыртта. Бастысы үй болса, төсек салулы тұрса, былқ етіп түсейін. Prada-ны жүргізейін", — деп ойлайтын шығар, қайдан білейін", — деп күлді әнші.