Дизайнер Назарбаевтың қандай киім ұнататынын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дизайнер Назарбаевтың қандай киім ұнататынын айтып берді

Дизайнер Назарбаевтың қандай киім ұнататынын айтып берді

  • 9 Қазан 2015
  • 769
Фото - Caravan.kz

сонымен бірге, Елбасы қандай костюмдерді қалайтынын айтып берді, деп жазады Today.kz.

Оның сөзінше, Қазақстанда тігілген киімді көптеген шенділер киеді. Дизайнер ел президенті үшін жасалатын арнайы тапсырыстың егжей-тегжейлерін айтып берді.

"Президент отандық костюмдерді де жиі киеді, қошқыл түстерді ұнатады және оларды оның шетелдік сапарларынан байқай аламыз", — дейді Нұрланова.

Оның айтуынша, өнім сапасына әлі ешкім шағым айтқан жоқ. Алайда, қазақстандық тұтынушылардың көпшілігі отандық өнімге сенімсіздікпен қарап, қазақстандық брендтер шетелдіктерге жетпейді деп ойлайтынын айтады.

"Біз қызық тәжірибе өткіздік. Миллион теңге тұратын белгілі әлемдік брендтің этикеткасын қиып алып, оған біздікін, ал өзіміздің костюмге атақты брендтікін тігіп қойдық. Қалай болды деп ойлайсыздар!? Біздің этикетка тігілген миллион тұратын костюмді киген адам ыңғайсыз деп шағымданды, дұрыс тұрмайды, ана жері қысады, мына жері мынадй деп. Ал өзге биркадағы біздің костюмді киіп, керемет сапа мен әдемілікті атап өтті!" – дейді Нұрланова.

Дизайнер, отандық костюмнің бағасы әр қалтаға шақ келетінін айтады. Киімді Шымкенттегі фабрикада тігеді. Кішігірім фабриканың өнімділігі – бір ауысымда 400 костюм.


Естеріңізге салайық, Шымкентте "Текстильді өндіріске арналған тауарлар мен құрылғылар MACHTEX 2015" Халықаралық форумы өтуде. Қатысушылардың пікірінше бірыңғай мектеп формасын енгізу Қазақстандағы текстильді саланы дамытуға көмектеседі.

Мұның алдында, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды отандық киімді киюге шақырып, идеяны өз үлгісімен қолдаған. Айта кетейік, ҚР инвестиция мен даму министрі әсет Исекешев отандық брендтерді бұрыннан жақсы көреді, онда бірнеше қазақстандық костюм бар.

Соңғы жаңалықтар