“Дядя Дональдтан“ жалынды сәлем!“ Еділ Жаңбыршин елде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 527.58
  • 546.15
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Дядя Дональдтан“ жалынды сәлем!“ Еділ Жаңбыршин елде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды

“Дядя Дональдтан“ жалынды сәлем!“ Еділ Жаңбыршин елде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды

  • 22 Қаңтар
  • 6
Aikyn.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Депутат сауалын премьер-министрге және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына жолдады.

«​Кеше ғана әлемдік саясатта елеулі орын алып, бүкіл халықаралық қауымдастықты өзіне қаратқан АҚШ президентінің ресми ұлықтау рәсімі өтті. Осы күнге дейін әлемнің көптеген елінде адам құқығын қорғау, либералдық көзқарасты қалыптастыру мен азаматтық қоғам орнатуды көздеген құрама штаттарда 47-президент Дональд Трамп бұдан былай екі жынысты бекітті. Яғни АҚШ-та ер мен әйел жынысы заңмен шегеленді» — деді ол.

Жаңбыршиннің айтуынша, «бұл — ЛГБТ-ға, яғни табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға Қазақстан түгілі, енді АҚШ-та заңмен тыйым салынады деген сөз».

«Бұл жаңалық Батысты өздеріне қорғаушы санап жүрген қызтекелерге төбелерінен жай түскендей болғаны анық. Осы тұста барлық қызтекелерге «Дядя Дональдтан жалынды сәлем!» — деді депутат.

Оның сөзінше, АҚШ президентінің шешімі Мәжіліс депутаттарының ЛГБТ-ға қарсы ұстанымымен ұштасып отыр.

«Мәжіліске келгелі бері ұлтымыздың болашағына балта шауып жүрген азғын жолмен күресіп келе жатырмыз. Мен білетін Үкіметке кемінде бірнеше нақты депутаттық сауал жолданды. Оған қоса ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормаларын да әзірледік. Алайда осы әрекеттерімізге кейбір шенеуніктер батыс елдері өкілдерінің «демократияны шектеп жатырсыңдар», «адам құқығын таптап жатырсыңдар» деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдірді. Тіпті ЛГБТ өкілдері және олардың сыбайластары депутат әріптестеріме және олардың отбасыларына әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай ақпараттық шабуылдар ұйымдастырды. Бірақ бұл күресте біз жалғыз қалған жоқпыз», — деді ол.

Депутат E-petition.kz мемлекеттік платформасында ЛГБТ насихатына қарсы петиция жарияланғанын, небәрі 2 аптада петиция 50 мың қол жинағанын айтты.

«Бұл ұлттық болмысымызға жат ЛГБТ ағымына халықтың ашық қарсы екенін көрсетті. Ал Парламент бірінші кезекте халықтың мүддесін ескеріп, оны нақты заңнамамен іске асыруға тиіс», — деді Жаңбыршин.

Мәжіліс депутаты бірқатар ұсыныс жасады:

  • Петиция талаптарын толық қанағаттандыру керек.
  • Барлық платформада, әлеуметтік желілерде ЛГБТ-ны насихаттайтын заң нормаларын ұсынамыз. Оған Үкімет оң қорытындысын беруге тиіс.
  • ЛГБТ-ны қолдап, Мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалау қажет.