Д.Медведев: Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы кезінде өте үлкен жұмыстар атқарылды, маңызды құжаттар келісілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д.Медведев: Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы кезінде өте үлкен жұмыстар атқарылды, маңызды құжаттар келісілді

Д.Медведев: Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы кезінде өте үлкен жұмыстар атқарылды, маңызды құжаттар келісілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 14 маусымда «Қазақстан» орталық концерт залында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

  • 15 Маусым 2011
  • 612
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен кездесті.

— Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы аяқталып келеді. Біз 110 іс-шара өткіздік, маңызды құжаттарды әзірледік, барлық ұстанымдар келісілді, — деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

— Біз қарастыратын күн тәртібі маңызды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті Қазақстан Президентімен кездесуден басталғаны мен үшін өте жақсы. Қазақстанның төрағалығы кезінде өте үлкен жұмыстар атқарылды, маңызды құжаттар келісілді. Ертең сессия жұмысы кезінде біз олардың бәрін талқылап, қабылдаймыз деп сенемін, — деді кездесу барысында Дмитрий Медведев.

Қазақстан мен Ресей Президенттері екіжақты қарым-қатынастардың ауқымды мәселесін, сондай-ақ ағымдағы аймақтық және жаһандық жағдайды талқылады.

***

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовпен келіссөздер өткізді.

Кездесу кезінде екіжақты іс-қимыл мәселесі, сондай-ақ алдағы уақытта өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі талқыланды.

***

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Үндістанның Сыртқы істер министрі Соманахалли Маллайах Кришнамен, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Юрий Федотовпен, ШҰЫ Бас хатшысы Мұратбек Иманәлиевпен кездесті.

Соңғы жаңалықтар