Д.Мыңбай Алматыда мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д.Мыңбай Алматыда мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті

Д.Мыңбай Алматыда мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті

2012 жыл мәдениет саласы үшін ерекше жыл болды.

  • 23 Желтоқсан 2012
  • 328
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 22 желтоқсан күні Алматыда мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс ету рәсімінде Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай айтты.

«Елбасының Жарлығымен биыл бірінші рет қыркүйектің соңғы жексенбісі Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні деп аталатын болды. Біздің бұл төл мерекеміз енді жылда атап өтілетін болады. Оны мәдениет саласы қызметкерлерінің жұмысына берілген баға деп қабылдау керек. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні біздің тарихымызда бұрын болмаған», — деді Д.Мыңбай.

Сондай-ақ министр атап өткендей, биыл Тәуелсіздік күні қарсаңында Мемлекет басшысы үздік еңбектері үшін барлық саладағы азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың арасында өнер, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері де болды. Министрлік тарапынан ұсынылған бір топ қайраткерлерге наградалар 13 желтоқсан күні тапсырылды. Ал жұмыс ретімен немесе денсаулықтарына байланысты Астанаға келе алмаған азаматтарға марапаттарын Д.Мыңбай Елбасының тапсырмасы бойынша Алматыға келіп тапсырды.