"Днепр" зымыран-тасығышының құлауына оның бірінші сатысының негізгі қозғалтқышының жану камерасының дұрыс жұмыс істемеуі себепкер болған - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Днепр" зымыран-тасығышының құлауына оның бірінші сатысының негізгі қозғалтқышының жану камерасының дұрыс жұмыс істемеуі себепкер болған

"Днепр" зымыран-тасығышының құлауына оның бірінші сатысының негізгі қозғалтқышының жану камерасының дұрыс жұмыс істемеуі себепкер болған

АСТАНА. 11-тамыз. Kazakhstan Today. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, "Днепр" зымыран-тасығышының құлауына оның бірінші сатысының негізгі қозғалтқышының жану камерасының дұрыс жұмыс істемеуі себепкер болған. Бұл туралы "Роскосмос" Федералдық ғарыштық агенттігінің төрағасы Анатолий Перминов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 11 Тамыз 2006
  • 581
Фото - Caravan.kz



«Жану камерасын басқаратын поршеньдегі сұйықтық қатты қызынып кеткенге ұқсайды»,- деп атап өткен ол : «бұған әсер ететін себеп көп», деді.

«Роскосмос» басшысының айтуынша, «қазір сарапшылар сұйықтықтың не себепті ысып кеткенін анықтап жатыр». «Днепр» зымыран тасығышының құлау себептерін зерттеудің ақырғы қорытындысы, А.Перминовтың айтуынша, 28-тамыздан кейін ғана белгілі болады.

Перейти к новостям спорта